Бүгін: 20 Қараша Нашар көретіндерге арналған нұсқа 0 °C
  • USD
  • EUR
  • RUB
Ертіс ауданының әкімдігіресми интернет-ресурс
Акимат Иртышского районаОфициальный интернет ресурс

Навигация

«Электрондық қылмыстық іс қаралды»

Басты Хабарландыру Ертіс аудандық соты «Электрондық қылмыстық іс қаралды»

2018-08-23

Бұрын көлік құралдарын басқару құқығынан айырыла тұра, қайтадан масаң күйде автокөлікті жүргізген А.-қа қатысты қылмыстық іс Ертіс аудандық сотына электронды форматта түсіп, қаралды.

Электрондық қылмыстық істі қарау үшін сот отырысының залы кеңсе техникасымен жабдықталған, судья, прокурор мен адвокаттың жұмыс орны автоматтандырылған. Сот отырысының алдында процестің әрбір қатысушысына арнайы құпиясөз беріледі, оны енгізу арқылы қатысушылар іс бойынша электрондық процестік құжаттармен таныса алады.

Істі қарау нәтижесінде сот А.-ты қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін айыпты деп танып, көлік құралдарын басқару құқығынан үш жыл мерзімге айыра отырып, 80 сағат қоғамдық жұмыстарға жазалады.

 

Сондай-ақ оқыңыз