Бүгін: 22 Қараша Нашар көретіндерге арналған нұсқа 0 °C
  • USD
  • EUR
  • RUB
Ертіс ауданының әкімдігіресми интернет-ресурс
Акимат Иртышского районаОфициальный интернет ресурс

Навигация

«Ресей Федерациясының азаматы сот бойынша шығарып жіберілді»

Басты Хабарландыру Ертіс аудандық соты «Ресей Федерациясының азаматы сот бойынша шығарып жіберілді»

2018-06-29

         Ертіс аудандық сотында Ресей федерациясының аз.А-ға қатысты Ертіс ауданының ІІБ- ның талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

         Ресей Федерациясының аз. А 1966 жылы туған, 2018 жылдың 18 мамырда «Амангельды», бақылау-өткізу пункті арқылы Қазақстан Республикасы шекарасына өткен. Келу мақсаты- жеке негізде. Аз. А Қазақстан Республикасында болу кезінде заңмен белгіленген 510 бабытың 1 бөлігі, 667 баптың 1бөлігі және ӘҚБК-нің 653  бабының 1 бөлігі бойнша  құқық бұзушылықтарды жасаған. Нормативтік-құқықтық актілердің талаптарын елемей міндеттерді орындамаған.

         Сот отырысында аз. А Қазақстан Республикасы аумағынан  шығарып жіберуіне оз келісімін білдірді. Омбы қаласында өзінің пәтері, балалары тұратыны, өзі жүмыс атқармайтыны және жесір екендігін атап өтіп Амангельді ауылына өзінің туған әпкесіне қонаққа келгенің, Қазақстан Республикасында басқа туысқандары жоқ екендігін атап өтті.

Сот шешімі бойынша шығарып жіберу туралы арызы қанағаттандырылды.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

 

Ертіс аудандық сотының Баспасөз қызметі

Сондай-ақ оқыңыз