Бүгін: 15 Қараша Нашар көретіндерге арналған нұсқа 0 °C
  • USD
  • EUR
  • RUB
Ертіс ауданының әкімдігіресми интернет-ресурс
Акимат Иртышского районаОфициальный интернет ресурс

Навигация

Соттың ғимаратына өткізу режимінің сұрақтары бойынша семинар сабағы өткізілді

Басты Хабарландыру Ертіс аудандық соты Соттың ғимаратына өткізу режимінің сұрақтары бойынша семинар сабағы өткізілді

2018-06-29

DSCN4605

Ертіс аудандық сотында сот ғимаратына өткізу режимінің сұрақтары бойынша семинар сабағы өткізілді. Іс шараға аудандық сотының сот приставы және МКҚБ 3-ші ПБ қатысты.

Сот приставы В.Ю.Сизов, қауіпсіздікті қамтамасыз ету және тәртіпті сақтау мақсатында «Сот ғимараттары мен аумағында сотқа келушілерге ішкі обьекті және өткізу режимдерінің сақталуын қамтамасыз ету» ережелері қолданатынын атап өтті.

Қауіпсіздікті және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету ҚР ІІМ Мамандандырылған күзет қызметі және сот приставы жүзеге асырады.

Іс-шара барысында семинарға қатыушылар өткізу және ішкі обьекті режимінің негізгі қағидаларын талқылап, сонымен қатар, сот ғимаратының аумағына өткізілуге тиым салынған заттар тізімімен танысты.

Сонымен қатар, келушілердің ішкі тәртіпті сақтау, сот төрелігін атқаруға кедергі келтіргені, соттың өкімін және талаптарын орындамағаны үшін  сот приставтарымен заң жүзінде жауапкершілікке тартылуы мүмкін екені атап өтілді.

 

Ертіс ауданық сотының баспасөз қызметі

Сондай-ақ оқыңыз