Бүгін: 22 Қазан Нашар көретіндерге арналған нұсқа 0 °C
  • USD
  • EUR
  • RUB
Ертіс ауданының әкімдігіресми интернет-ресурс
Акимат Иртышского районаОфициальный интернет ресурс

Навигация

Сотта қылмыстық істерді электронды түрде жіберу және бұйрықтық іс жүргізу тәртібінде қарау сұрақтары бойынша дөңгелек үстел өткізілді

Басты Хабарландыру Ертіс аудандық соты Сотта қылмыстық істерді электронды түрде жіберу және бұйрықтық іс жүргізу тәртібінде қарау сұрақтары бойынша дөңгелек үстел өткізілді

2018-04-23

Ертіс аудандық сотында прокуратура және ішкі істер органдарының өкілдерінің қатысуымен қылмыстық істерді электронды түрде жіберу және бұйрықтық іс жүргізу тәртібінде қарау туралы сұрақтар бойынша дөңгелек үстел өткізілді.

Судья Нуржанова Д.Қ. өндірістік іс-шараны ашып, 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап Қылмыстық-процестік кодекстің 13-1-бөлімімен бұйрықтық іс жүргізу туралы жаңа институт енгізілгенін, оның сотқа дейінгі іс жүргізу органдарында және сотта бұйрықтық іс жүргізу тәртібін реттейтін 8 баптан тұратынын айтты.

Бұйрықтық іс жүргізу институтының өзектілігі туралы айта отырып, сот төрағасы Нуржанова Д.Қ. өндірістік оның жемісті іске асуы сотқа дейінгі іс жүргізу органының, прокуратураның және соттың бірлесіп жұмыс істеуіне байланысты екенін айтты. Осыған байланысты сотқа дейінгі іс жүргізу органының өкілдеріне процесске қатысушыларға бұйрықтық іс жүргізу өндірісінің негізін, шарттарын және салдарын түсіндіруге кеңес берілді, оның ішінде мүмкін айыппұл сомасын бөлек хаттама түрінде толтыруға болатынын, онда өздеріне түсіндірілгенін процесс қатысушылары қол қою арқылы бекітетінін айтты.

Одан басқа, сот төрағасы қағаз түріндегі қылмыстық істің электронды түрге көшуінде келесідей артықшылықтары бар екенін атап өтті: қылмыстық сот өндірісінің мерзімін азайту, ақпаратқа қол жетімділікті оңайлату, процесс қатысушыларының өзара толық әрекет етуін қамтамасыз ету, іс материалдарына қолжетімділікке қосымша кепілдеме қамтамасыз ету, сотқа дейінгі іс жүргізу органдарының әрекетіне, олардың жауапкершілігіне талапты күшейту, шығындарды азайту, қылмыстық іс материалдарының бірдеңгейлілігі және жүйелілігі.

Қорыта айтқанда дөңгелек үстел қатысушылары өткізілген іс шараның пайдасы мен өзектілігін атап өтті.

 

Ертіс аудандық сотының

Баспасөз қызметі

Сондай-ақ оқыңыз