Бүгін: 16 Қараша Нашар көретіндерге арналған нұсқа 0 °C
  • USD
  • EUR
  • RUB
Ертіс ауданының әкімдігіресми интернет-ресурс
Акимат Иртышского районаОфициальный интернет ресурс

Навигация

«Медиация тараптарды татуластыруға мүмкіндік берді»

Басты Хабарландыру Ертіс аудандық соты «Медиация тараптарды татуластыруға мүмкіндік берді»

2018-03-26

Ертіс аудандық сотында ҚазақстанРеспубликасының ҚК-нің 188-бабының 2-бөлігінің 3-тармағымен айыпталған Ш.-ке қатысты қылмыстық іс медиация тәртібімен тоқтатылды.

Іс құжаттарына сәйкес, сотталушы Ш. бөтеннің мүлкін жасырын ұрлау мақсатында, орналасқан тұрғын үйдің терезесін сындырып, сол терезе арқылы заңсыз кіріп, 35000 теңге тұратын велосипедті ұрлап, оқиға болған жерден ізін суытқан.

Кәсіпқой медиатор А.Идрисов «Медиация туралы» Заңның 27 бабының талабына сәйкес медиация рәсімін өткізіп, сотталушы мен жәбірленушінің татуласуына қолжеткізіп, дауды реттеу туралы келісім жасап сотқа ұсынған.

Осының негізінде сотталушы Ш. қылмыстық кодексінің 68-бабының 1-бөлігінің талабына сай, қылмыстық жауаптылықтан босатылып, ісі өндірістен қысқартылды.

 

Ертіс аудандық сотының

Баспасөз қызметі

Сондай-ақ оқыңыз