Бүгін: 07 Шілде Нашар көретіндерге арналған нұсқа 0 °C
  • USD
  • EUR
  • RUB
Ертіс ауданының әкімдігіресми интернет-ресурс
Акимат Иртышского районаОфициальный интернет ресурс

Навигация

Панфилов ауылында жиын

2019-04-01

IMG-20190320-WA000928032019212455

Түсіндіру жұмысы атқару және өз бетінше жұмыспен қамтылған халықты заңдастыру мақсатында 2019 жылғы 20 наурызында Панфилов ауылында МКБ басшысы М.Қ. Рахметов., жұмыспен қамту орталығы директорының м.а.  Г. А. Сарсембенова қатысуымен жиын өткізілді.

Панфилов ауылының әкімі  А. И. Карибаев  іс-шараны ашты.

Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Мейрамбек Рахметов өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтардың салық органдарында тіркеу мәртебесін өзектендірудің маңыздылығын атап өтті. Азаматтардың едәуір бөлігі ауылда міндетті зейнетақы төлемсіз жұмыс істейді. Зейнеткерлік жасына жету бойынша тіршілікті қамтамасыз ету мақсатында, МЗТ аударымдары үшін жұмыс берушілермен еңбек қарым-қатынасын заңдастыру қажет. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасын бұзғаны және мемлекеттік жәрдемақыларды төлеу бойынша  міндеттерді орындамағаны үшін ҚР Әқбтк-нің 91-бабына сәйкес, жұмыс берушілерге әкімшілік жауапкершілік көзделген.

Халықты жұмыспен қамту орталығы директорының м.а. Гүлдана Сарсембенова

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың жұмыспен қамтылуы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар, сондай-ақ  2019 жылдың 1 қаңтарынан бірыңғай жиынтық төлемнің енгізілу туралы баяндап берді.

Баяндамашылар аудиторияның барлық сұрақтарына жауап берді.

 

Ертіс ауданы бойынша

мемлекеттік кірістер басқармасы

Сондай-ақ оқыңыз