Бүгін: 07 Шілде Нашар көретіндерге арналған нұсқа 0 °C
  • USD
  • EUR
  • RUB
Ертіс ауданының әкімдігіресми интернет-ресурс
Акимат Иртышского районаОфициальный интернет ресурс

Навигация

Сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы әрекет аспектілерінің бірі ретінде электрондық түрде қызмет көрсету.

Басты Хабарландыру Ертіс ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы Сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы әрекет аспектілерінің бірі ретінде электрондық түрде қызмет көрсету.

2019-03-19

file

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру-сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың және азаматтардың Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының қызметіне сенімін арттырудың маңызды аспектісі және Қазақстанның 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының мақсаттарының бірі болып табылады.

        Сыбайлас жемқорлық көріністері үшін алғышарттардың бірі мемлекеттік қызметшінің азаматтармен тікелей қарым-қатынасының болуы болып табылады, демек, мемлекеттік қызметтерді алу рәсімі неғұрлым жеңіл әрі ашық болады, сыбайлас жемқорлық деңгейі соғұрлым аз болады.

       Осыған байланысты қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды кеңінен пайдалану, мемлекеттік қызмет көрсету рәсімдерін барынша автоматтандыру және оларды электрондық түрде көрсету арқылы адами фактордың әсерін азайту қажет.

       Мемлекеттік кірістер органдары барлығы 48 мемлекеттік қызмет түрлерін ұсынады, оның ішінде 28 – салық және 20 – кедендік бағыт, оның ішінде 26 қызмет «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы қосымша көрсетіледі.

       «Электрондық үкімет» порталында мобильдік азаматтарды тіркеу арқылы www.egov.kz, Telegram BOT мобильді қосымшалары, сондай-ақ mgov мобильді үкіметі арқылы мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндігі бар.

        Қосымша ақпарат алу үшін Ертіс ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасына хабарласуға болады – Ертіс ауылы, Иса Байзақов көшесі, 11.

Сондай-ақ оқыңыз