Бүгін: 04 Маусым Нашар көретіндерге арналған нұсқа 0 °C
  • USD
  • EUR
  • RUB
Ертіс ауданының әкімдігіресми интернет-ресурс
Акимат Иртышского районаОфициальный интернет ресурс

Навигация

Тауарларды таңбалау

2019-03-05

Тауарлардың заңсыз айналымына қарсы күрес әлемдегі өзекті проблемалардың бірі болып табылады.

Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, контрафактілік өнім нарығымен күресуге мүмкіндік беретін пәрменді құралдардың бірі тауарларды цифрлық таңбалау болып табылады.

Тауарларды таңбалау және бақылау саласындағы халықаралық жобалар әлемнің көптеген елдерінде бұрыннан қолдау тапқан және он жылдан астам уақыт пайдаланылып келеді.

Бұл салада Қытай, Бразилия, Түркия, АҚШ және Еуропалық Одақ көш бастап тұр.

Қазақстан Республикасында тауарлардың заңсыз айналымының болуы азаматтардың өмірі мен денсаулығына, сондай-ақ тұтас алғанда ұлттық экономиканың дамуына теріс әсер етеді. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: Табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты жолдауында былай делінген: Ұлт саулығы – мемлекеттің басты басымдығы. Бұл – қазақстандықтар сапалы азық-түлікті пайдалануға тиіс деген сөз.

Алға қойылған міндетті іске асырудың тиімді тетігі Қазақстандық цифрлық экономиканың маңызды құрамдас бөлігіне айналатын, тауарларды таңбалау және бақылау жүйесі болып табылады.

Тауар айналымына қатысушылар үшін таңбалау жүйесіндегі жұмыс процесі өте қарапайым:

- Өндіруші жүйеде тіркеледі;

- Өз тауарларын бірыңғай каталогта тіркейді;

- Таңбалаудың цифрлық кодтарын шығаруға өтінімді қалыптастырады;

- Генерацияланған кодтарды алады және тауар қаптамасындағы цифрлық кодтарды басып шығарумен қатар өнімдерді шығарады.

Цифрлық код – бұл жоғалту немесе қолдан жасау мүмкін емес тауар паспорты. Ол тауардың барлық жолын - өндіруші зауыттан бастап соңғы тұтынушыға дейін бақылауға мүмкіндік береді.

- Тауарды айналымға шығару Таңбалау жүйесінде электрондық ілеспе құжаттарды қалыптастыру жолымен, сондай-ақ кәсіпорынның есеп жүйесімен интеграциялау арқылы жүзеге асырылады. Тауар айналымы кезінде цифрлық код тауарға барлық ілеспе құжаттарда көрсетіледі, осының арқасында кез келген сәтте өндіруші, тауарға рұқсат құжаттар, тауардың жарамдылық мерзімі туралы және т.б. ақпарат көруге болады.

- Таңбаланған тауардың айналымнан шығуы оны бөлшек саудада өткізу кезінде онлайн-кассада жасалады.

- Мобильді қосымша арқылы тұтынушылар тауар туралы шынайы ақпаратты оңай тексере алады және өзі мен жақындары үшін тек заңды өнімді сатып алу үшін тауар туралы бар шындықты біле алады.

- Экспорт жағдайында тауардың цифрлық коды туралы ақпарат басқа елге беріледі, онда сатып алушыға тауар және оның өндірушісі туралы барлық ақпарат қолжетімді болады.

Таңбалау және бақылау жүйесін енгізу мынаны қамтамасыз етеді:

Тұтынушы үшін:

- Сапалы әрі заңды тауарларды сатып алу мүмкіндігі есебінен азаматтардың өмірі мен денсаулығының деңгейін арттыру;

- Тауарларды қоғамдық бақылау функциясын жүзеге асыру.

Бизнес үшін:

- Just in time (дәл мерзімінде) жұмыс қағидатын енгізу есебінен шығындарды қысқарту;

- Нарықтағы заңсыз өнімді алмастыру есебінен пайданы арттыру;

- Адал өндірушінің брендін қорғау.

Мемлекет үшін:

- Көлеңкелі экономика үлесін төмендету;

- Бюджетке түсімдердің өсуі.

Тауарларды таңбалау жүйесі –Қазақстандық цифрлық экономиканы дамыту жолындағы маңызды кезеңдердің бірі, ол қазақстандық өнім өндірушілерді қорғауды қамтамасыз етеді, сондай-ақ контрафактілік өнімнің тұтынушыға дейін жетуіне елеулі тосқауыл қояды.

Сондай-ақ оқыңыз