Бүгін: 04 Маусым Нашар көретіндерге арналған нұсқа 0 °C
  • USD
  • EUR
  • RUB
Ертіс ауданының әкімдігіресми интернет-ресурс
Акимат Иртышского районаОфициальный интернет ресурс

Навигация

Ұялы байланыстың абоненттік құрылғысын тіркеу туралы

Басты Хабарландыру Ішкі істер бөлімі Ұялы байланыстың абоненттік құрылғысын тіркеу туралы

2018-09-13

Қазақстандықтар өзінің ұялы телефондарын 2019 жылдың 1 қаңтарына дейін "Байланыс туралы" Заңға сәйкес тіркей алады, абонент өзінің абоненттік құрылғысын (ұялы телефонын) оператордан тіркей алады. Бұл үшін телефон нөмірі, ЖСН және құрылғысының IMEI коды қажет. Барлық бұл деректерді оператор бірыңғай мемлекеттік деректер базасына беруге міндетті.

Деректер болмаған жағдайда, заң талабы бойынша, 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап ұялы байланыс операторлары тіркелмеген нөмірлерге қызмет көрсетуді тоқтатуға мәжбүр болады.

Не үшін ұялы телефондарды тіркеу керек? "Бұл аз уақытта жоғалған немесе ұрланған ұялы телефонды табу үшін жасалады". Яғни, егер сіздің телефоныңыз нақты тіркелген болса, ал ертең сіз оны жоғалтып немесе оны ұрлатып алсаңыз, сіз полицияға өтініш жазасыз және IMEI - код бойынша құқық қорғау органдары оны  тауып бере алады. 

Заңның қабылданған негізінде барлық ұялы абонент операторлары өз құрылғыларын  ұялы оператор арқылы оператордан ұсынылған арналарын тіркеуге тиіс.

 

 

Ертіс ауданының ІІБ

Сондай-ақ оқыңыз