Бүгін: 04 Маусым Нашар көретіндерге арналған нұсқа 0 °C
  • USD
  • EUR
  • RUB
Ертіс ауданының әкімдігіресми интернет-ресурс
Акимат Иртышского районаОфициальный интернет ресурс

Навигация

Құрметті Ертіс аудан тұрғындары, айыппұлды өз уақытында төлеуді естен шығармаңыз!

Басты Хабарландыру Ішкі істер бөлімі Құрметті Ертіс аудан тұрғындары, айыппұлды өз уақытында төлеуді естен шығармаңыз!

ІІБ-мен салынған әкімшілік айыппұлдарды өндіру пайызын көтеру мақсатында 2018 жылдың 15-қаңтары мен 30-наурызы аралығында Железин ауданы аумағында «Борышкер» (должник) жедел-профилактикалық шарасы өткізіледі.

ҚР ӘҚБтК 893-бабына сәйкес, айыппұл әкімшілік айыппұл салынғаны туралы қаулы заңды күшіне енген күннен бастап немесе кейінге қалдыру мерзімі аяқталған күннен бастап 30 күннен кешікпей әкімшілік жауапкершілікке тартылған тұлғамен төленуі тиіс.

Көрсетілген мерзімде айыппұл төлемегені үшін, ҚР ӘҚБтК 669-бабына сәйкес 10 АЕК көлемінде әкімшілік айыппұл салу немесе 5 тәулікке әкімшілік қамауға алу түріндегі жаза қарастырылған. Сот ҚР ӘҚБтК 669-бабы санкциясы аясында қарастырылған әкімшілік жаза тағайындау туралы шешім қабылдаса да, әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы қаулымен бекітілген бастапқы айыппұл төленуі тиіс.

Әкімшілік айыппұл төлемеген борышкер Қазақстан Республикасы шекарасынан шығуға тыйым салу, жүргізуші куәлігінің әрекетін уақытша тоқтату, жылжитын және жылжымайтын мүлікке, сондай-ақ банктік шоттарға тыйым салу сынды келеңсіздіктерге тап болатынын естен шығармайық.

 

Айыппұл төлеу жөніндегі барлық сұрақтар бойынша мына телефондар бойынша хабарласуға болады: 102, 2-11-02

 

Ертіс  ауданы ІІБ Әкімшілік полиция бөлімшесі

Сондай-ақ оқыңыз