Бүгін: 07 Шілде Нашар көретіндерге арналған нұсқа 0 °C
  • USD
  • EUR
  • RUB
Ертіс ауданының әкімдігіресми интернет-ресурс
Акимат Иртышского районаОфициальный интернет ресурс

Навигация

«Тілім-барда тірімін»

2017-06-19

 

Қазақ тілі-қазақ халқының ана тілі. Ана сүтімен бойымызға дарыған қазақ тілінің құдіреттілігі-оның орындылығында, орасан зор байлығында. Қай халықтың болмасын тілі-өзіне тін қымбатты да қимас байлығы, қазынасы.

Сол сияқты біздің де ана тіліміз- алтындай асылымыз, мөлдір маржанымыз, ғажайып гауһарымыз. Сондықтан да «ана» деген ардақты сөзді қосып, «ана тілі» деп айтамыз. Халық тәуелсіздігінің ең басты белгісі оның ана тілі, ұлттық мәдениеті. Өзінің ана тілі, ұлттық мәдениеті жоқ ел өз алдына мемлекет болып өмір сүре алмайды.

Дүниедегі барлық халық тәуелсіздікке ұлттық қадір қасиетін, мәдениетін, ана тілін сақтап қалу үшін ұмтылады. Сондықтан кез келген мемлекет өзінің аумақтық салт дәстүрін, ана тілін ерекше қорғайды.

Әр адам өзінің тілін шыр етіп дүние есігін ашқаннан бастап құлағына сіңіруі тиіс. Себебі тілін білген адамның ғана бойында патриоттық сезім қалыптасады.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі-қазақ тілі. Мемлекеттік тіл-мемлекеттің бүкіл аумағына қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу және іс қағаздарын жүргізу тілі. Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттік тілді меңгеру - Қазақстан Республикасының әрбір азаматының парызы. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі - қазақ тілі. Ана тілін сүю, құрметтеу, мақтаныш ету - әрбір азаматтың міндеті»

Сондай-ақ оқыңыз