Бүгін: 04 Маусым Нашар көретіндерге арналған нұсқа 0 °C
  • USD
  • EUR
  • RUB
Ертіс ауданының әкімдігіресми интернет-ресурс
Акимат Иртышского районаОфициальный интернет ресурс

Навигация

Селекциялық жетістікті құқықтық қорғау және селекциялық жетістікті пайдалану құқығын беру

Басты Хабарландыру Ертіс ауданының әділет басқармасы Селекциялық жетістікті құқықтық қорғау және селекциялық жетістікті пайдалану құқығын беру

2020-03-20

«Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шілдедегі №422-1 Заңына сәйкес селекциялық жетістікке құқық патентпен расталады. Патент жаңалығы, ерекшелігі, біртектілігі және тұрақтылығы бар селекциялық жетістікке беріледі.

     Селекциялық жетістікке патент ұсынатын құқықтық қорғау белгілері сорттың, тұқымның сипаттамасына енгізілген белгілердің жиынтығымен айқындалады.

     Селекциялық жетістікке Патент алдын ала сараптама және патент қабілеттілігіне сараптама нәтижелері бойынша беріледі.

     Алдын ала сараптаманы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Ұлттық зияткерлік меншік институты" республикалық мемлекеттік кәсіпорны сараптама ұйымы жүргізеді.

     Селекциялық жетістіктің ұсынылған атауының дұрыстығын тексеруді, селекциялық жетістікті қорғау саласындағы қызмет түрі ретінде патент қабілеттілігі мен шаруашылыққа пайдалылығын сараптауды және сынауды Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады, ол өндірісте пайдалануға ұсынылатын тиісті селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізілімін жүргізеді. Патент иеленушінің селекциялық жетістікті пайдалануға айрықша құқығын, оның басымдығы мен селекционердің авторлығын куәландырады.

Сорттың, тұқымның авторы селекциялық жетістікке қатысты жеке мүліктік емес құқықтарға ие. Ең алдымен, ол патент иеленушінің оған құқығын тоқтатқаннан кейін де селекциялық жетістіктің авторы деп атауға құқылы.

Сонымен қатар, автор селекциялық жетістікке атау беруге құқылы. Алайда, селекциялық жетістіктің атауы селекциялық жетістікті сәйкестендіруге, қысқаша болуға, сол немесе жақын ботаникалық немесе зоологиялық түрдегі Селекциялық жетістіктердің атауынан ерекшеленуге мүмкіндік беруге тиіс. Ол бір саннан тұрмауға, селекциялық жетістіктің қасиеттеріне, шығу тегіне, мәніне, селекционердің жеке басына қатысты жаңылыстыруға тиіс емес, адамгершілік пен мораль қағидаттарына қайшы келмеуге тиіс.

Егер селекциялық жетістікке арналған өтінім сол сортқа, тұқымға Қазақстан Республикасына және басқа елдерге берілсе, онда сол сорттың, тұқымның атауы бірдей болуға тиіс. Егер сорттың, тұқымның атауы осы талаптарға сай келмесе, онда сараптама жасау ұйымының сұрау салуы бойынша өтінім беруші екі ай мерзімде жаңа атау ұсынуға міндетті.

Селекциялық жетістікті пайдаланатын кез келген тұлға патенттің қолданылу мерзімі өткеннен кейін де Селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізілімдерінде тіркелген сорттың, тұқымның атауын көрсетуге міндетті.

 

Ақтоғай ауданаралық Әділет басқармасының басшысы

«ҚЗО» РҚБ Павлодарлық филиалының мүшесі Б. Е. Касенов

Сондай-ақ оқыңыз