Бүгін: 04 Маусым Нашар көретіндерге арналған нұсқа 0 °C
  • USD
  • EUR
  • RUB
Ертіс ауданының әкімдігіресми интернет-ресурс
Акимат Иртышского районаОфициальный интернет ресурс

Навигация

Дөңгелек үстел өткізілгені туралы

Басты Хабарландыру Ертіс ауданының әділет басқармасы Дөңгелек үстел өткізілгені туралы

2018-08-23

Ағымдағы жылдың 14 тамызында Ертіс аудандық әділет басқармасының басшысы Б.Е. Касенов Ертіс аудандық ішкі істер бөлімінің және кәсіпкерлер палатасының Ертіс аудандағы филиалының өкілдерімен, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерімен «Зияткерлік меншік объектілерін қорғау және контрафактілік өніммен күрес» деген тақырыбы бойынша «дөнгелек үстел» өткізді.

Іс-шара барысында әділет басқармасының басшысы зияткерлік меншікті қорғаудың құқықтық аспектілеріне тоқталды, аталған саладағы заңнаманы жетілдіру мәселесін қозғап, зияткерлік меншік жүйесін дамытудың мәселелері мен болашағы туралы айтып өтті.

Шара соңында, қатысушылардың қойылған сұрақтарына толықтай жауаптар берілді.

Сондай-ақ оқыңыз