Бүгін: 07 Шілде Нашар көретіндерге арналған нұсқа 0 °C
  • USD
  • EUR
  • RUB
Ертіс ауданының әкімдігіресми интернет-ресурс
Акимат Иртышского районаОфициальный интернет ресурс

Навигация

Әкімшілік реттеуді даулаудағы заңнаманың тиімділігі

Басты Хабарландыру Ертіс ауданының әділет басқармасы Әкімшілік реттеуді даулаудағы заңнаманың тиімділігі

2018-06-24

     Бүгін Қазақстанда толыққанды әкімшілік әділет институтын және әкімшілік рәсімдер институтын кіргізу туралы жиі айтылуда.Бұл тақырып жайлы негізгі пікірталастың басталуына Қазақстан Республикасының 2010жылдан 2020жылға дейінгі құқықтық саясат тұжырымдамасының орын алуы себеп болды.Дәл осы құжатта ең алғаш ресми,саяси дәрежеде «әкімшілік әділет»термині қолданылды.Сонымен, көрсетілген тұжырымдамада белгіленеді: «әкімшілік-процессуалдық құқықты дамыту мәнмәтініде мемлекет және азамат (ұйым) арасында жария-құқықтық қарым-қатынастардан туындайтын құқық жөніндегі таласты шешетін әкімшілік әділет жөніндегі сұрақты қарастыру керек. Демек  қоғамдық құқық сипаттағы жанжалдарды шешу тәртібі процессуалдық бөлу және заңдастыруға қарастырылуы тиіс мәселе. Сонымен қатар «әкімшілік реттеуді даулау заңнамасының тиімділігі» Дүниежүзілік экономикалық форумның жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің 114 көрсеткіштерінің бірі болып табылатынын көрсеткен жөн.

     Қазіргі уақытта шағымданудың әкімшілік тәсілінің  жеке нормалары Казахстан Республикасының «Әкімшілік рәсімдері туралы» Заңымен қарастырылған. Бұл ретте көрсетілген заңда шағымдарды қарау тәртібі ашылатын «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыру тәртібі туралы»  Заңға сілтеме бар. Сонымен қатар әкімшілік шағымданудың қолданыстағы тәртібі көрсетілген рәсімдерді  тубегейлі қайта қарауды қажет етеді.

     Әкімшілік рәсімдердің принциптері мен кезеңдері, әкімшілік актілерге қойылатын талаптар заң жобасымен бекітіледі. Сондай-ақ оларды жою негіздері, шағымдану және орындау ережелері заң жобасымен реттелген. Өкілетті тұлғалардың шешімдеріне шағымдану тәртібі өтініш беру тәртібі сияқты болады, бірақ оның  іс материалдарын талап ету қажеттілігі түріндегі ерекшеліктері болады. Ерекшелік тыңдау рәсімін өткізу кезінде де болады, өйткені бұл жерде екінші жақ-лауазымды тұлғаның атынан қайта шағымдалған актіні қабылдаған  жауапкер пайда болады.

     Қазақстанда әкімшлік шағымданудың баяндалған тәртібін заңнамалық бекіту, атап айтқанда азаматтады  тыңдаудың міндеттілігін енгізу мемлекеттік органдардың жұмыстарында  ашықтық пен айқындықты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Ол мүмкіндік өз кезегінде азаматтардың сенімдерін артырады

Сондай-ақ оқыңыз