Бүгін: 07 Шілде Нашар көретіндерге арналған нұсқа 0 °C
  • USD
  • EUR
  • RUB
Ертіс ауданының әкімдігіресми интернет-ресурс
Акимат Иртышского районаОфициальный интернет ресурс

Навигация

Қазақ тілін құрметтеу

2018-04-23

Әр халықтың басты байлығы, баға жетпес қазынасы — ана тілі. Қазақстан Республикасының негізгі тілі — мемлекеттік тілді, яғни қазақ тілін құрметтеу, оны білу — біздің әрқайсымыздың асыл парызымыз. Ана тіліне салғырт қарау — өз халқының өткеніне, бүгініне, болашағына немқұрайлы қарау деген сөз.

         Қазақстан — көп ұлтты мемлекет. Ұлтаралық келісім өзара жарасымын тапқан, тату еліміз. Алайда, қазақ тілі әр қазақтың ар — ожданы, мақтанышына айналуы тиіс. Осы орайда Бауыржан Момышұлының «анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту — бүкіл ата — бабамызды, тарихымызды ұмыту» — деген сөзді әрбір қазақ ұғынса, біздің тіліміздің жағдайы дәл қазіргі қалпынан әлдеқайда жоғары деңгейде болар еді.

         Мемлекеттік тіл — аса маңызды да ең өзекті мәселе, тіл — қазақтың жан дүниесі, рухани негізі, ел еркіндігі мен ұлтты танытатын басты белгісі болып табылады. Ол — ұлт болмысын ұғындырып, төңірегіне жұртты топтастырушы, біріктіруші фактор. Сондықтан мемлекеттік тілді білу — өмір талабы, заман сұранысы, қоғам қажеттілігі. Олай болса, тілді өмірдің барлық саласында қолданып, аясын кеңейту жолында әрбір қазақстандық өз азаматтық міндетін атқаруға тиіс. Ол үшін тіл білуді мақсат тұтып, алдына талап қоя қажымай ізденіп, айрықша көңіл бөліп, аянбай еңбектенсе, мемлекеттік тілді меңгерері анық.

         Тәуелсіздіктің рухын асқақтатқан тіл мәртебесін көтерудегі ауқымды істің басы-қасында үнемі мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өзінің жүруі жұртты үнемі жарық үмітке жетелейді. Президентіміз — «Біз барша қазақстандықтарды біріктірудің басты факторы болып табылатын қазақ тілінің одан әрі дамуы үшін барлық күш-жігерімізді салуымыз керек... Сонымен бірге елімізде тұратын барлық халықтар өкілдерінің ана тілінде еркін сөйлей, оқи алуына, оны дамытуға қолайлы жағдай тудыруымыз қажет» деп атап көрсеткен болатын.

         Сонымен қатар, Елбасымыздың «Қазақ тілінің мемлекеттік қызметте де, өндірісте де, ғылымда да, білім беруде де дәл орыс тілінше қолданылуы үшін бәрін істеу қажет» — деп қадап айтқан пікірі баршамыздың берік ұстанатын қағидамыз болуға тиіс.

 

Ертіс

аудандық әділет басқармасының

басшысы 

«ҚЗО» РҚБ Павлодарлық филиалының мүшесі                      Касенов Б.Е.

Сондай-ақ оқыңыз