Бүгін: 07 Шілде Нашар көретіндерге арналған нұсқа 0 °C
  • USD
  • EUR
  • RUB
Ертіс ауданының әкімдігіресми интернет-ресурс
Акимат Иртышского районаОфициальный интернет ресурс

Навигация

КӘСІПКЕРЛІК СУБЪЕКТІЛЕРІНЕ СЕМИНАРЛАР

Басты Хабарландыру Ертіс ауданының әділет басқармасы КӘСІПКЕРЛІК СУБЪЕКТІЛЕРІНЕ СЕМИНАРЛАР

2018-04-23

2018 жылдың 20 сәурінде Ертіс аудандық Әділет басқармасында: аудандық ішкі істер бөлімінің, кәсіпкерлер палатасының Ертіс аудандағы филиалының өкілдері, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерімен «Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 398 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы әдiлет органдарының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстерді жүргiзуi жөнiндегi нұсқаулық» атты тақрыбына семинар өткізілді.

Іс шарада: Әдiлет органдарының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер жөнiндегi мiндетi әкiмшiлiк құқық бұзушылықтың алдын алу және жолын кесу, оларды жасауға ықпал ететiн себептер мен шарттарды айқындау бойынша мәселелер қарастырылды.

Сонымен қатар «Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексіне сәйкес тексерулерді жүргізу тәртібі» тақырыбына семинар жүргізілді.

Іс-шара барысында: Тексерудi ресiмдеу тәртiбi, бақылау және қадағалау органдары лауазымды адамдарының тексеру жүргiзу кезiнде анықталған бұзушылық фактiлерi бойынша қолданатын шаралары, бақылау және қадағалау органдары лауазымды адамдарының тексеру жүргiзу кезiнде анықталған бұзушылық фактiлерi бойынша қолданатын шаралары деген сұрақтар қарастырылды.

 

 

Ертіс аудандық әділет басқармасының

басшысы,  «ҚЗО»

РҚБ Павлодарлық филиалының мүшесі                                         Б.Е.Касенов   

 

Сондай-ақ оқыңыз