Бүгін: 07 Шілде Нашар көретіндерге арналған нұсқа 0 °C
  • USD
  • EUR
  • RUB
Ертіс ауданының әкімдігіресми интернет-ресурс
Акимат Иртышского районаОфициальный интернет ресурс

Навигация

Зияткерлік меншік құқықтарын қорғау

Басты Хабарландыру Ертіс ауданының әділет басқармасы Зияткерлік меншік құқықтарын қорғау

2018-02-23

IMG-20180202-WA0007КС

2018 жылдың 31 қаңтар күні Ертіс аудандық әділет басқармасының басшысы аудандық ішкі істер бөлімінің және Павлодар облысы кәсіпкерлер палатасының Ертіс аудандағы филиалының өкілдерімен, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерімен «Бөтен тауар таңбасын, қызмет көрсету таңбасын, фирмалық атауды, тауар шығарылған жердің атауын заңсыз пайдалану» атты тақрыбына дөңгелек үстел өткізді.

Іс шарада Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексі 158 бабына сәйкес Бөтен тауар белгісін, қызмет көрсету белгісін немесе тауар шығарылған жердiң атауын немесе бiртектес тауарларға немесе көрсетілетін қызметтерге арналған, онымен айырғысыз дәрежеге дейін ұқсас белгілемелерді заңсыз пайдалану, сондай-ақ бөтен фирмалық атауды заңсыз пайдалану, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса, тауар белгісі, қызмет көрсету белгісі, тауар шығарылған жер атауы немесе бiртектес тауарларға немесе көрсетілетін қызметтерге арналған, онымен айырғысыз дәрежеге дейін ұқсас белгілемелер заңсыз бейнеленген тауарлар тәркiлене отырып, жеке тұлғаларға – отыз, шағын кәсiпкерлiк субъектiлеріне – қырық, орта кәсiпкерлiк субъектiлеріне – елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғатынын айтылып өтті.

 

Ертіс аудандық әділет басқармасы

басшысы,  «ҚЗО»РҚБ

Павлодарлық филиалының мүшесі                                                          Б. Касенов   

Сондай-ақ оқыңыз