Бүгін: 07 Шілде Нашар көретіндерге арналған нұсқа 0 °C
  • USD
  • EUR
  • RUB
Ертіс ауданының әкімдігіресми интернет-ресурс
Акимат Иртышского районаОфициальный интернет ресурс

Навигация

Мемлекеттік тіл мемлекеттік қызметте

Басты Хабарландыру Ертіс ауданының әділет басқармасы Мемлекеттік тіл мемлекеттік қызметте

2017-12-12

       Бүгінгі күннің өзекті мәселерінің бірі - тіл мәселесі болып отыр. Қазақ тілін дамытуда әр сала өз үлесін қосуы керек. Тек сонда ғана әр қазақстандық қазақ тілін игеріп, еркін ойын жеткізіп, сөйлесе алатын болады. Өзіміз ана тілінде сөйлемейінше, өзге ешкім де бұл тілді құрметтемейді.

     Әрбір жүрегі елім деп соққан адамның өзінің халқына, тіліне деген ерекше сезімі болатыны сөзсіз. Ұлттық санасы ояу ғана адамның өз елінің шын жанашыры екені белгілі. Халқымыздың халықтығының басты белгісі – тілі болса, оның көркеюі үшін әлі де талай жұмыстар жасалуы қажет.   

     Мұқағали үш бақытының біріне бағалаған қасиетті қазақ тілінің бүгінгі тағдыры қалай, тілімізді жоғалтпау мақсатында не істеуіміз керек?

Қазіргі таңда барлық мемлекеттік органдарда іс жүргізу мемлекеттік тілде қалыптасуына үлкен мән берілуде.

     Мемлекетіміздің Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауындағы еліміздің тәуелсіздігін баянды ету, қазақтың ұлт болып өркендеуіне жол ашу, оның тілі мен мәдениетінің кең құлаш жаюына мүмкіндік туғызуда талдап-түсіндіру жұмыстарын өткізіп, неғұрлым тиімді, әрі нақты мүмкіндіктерді пайдаланып, мемлекеттік тілді меңгеру саласындағы мәселелерді шешу болып табылады.

       Құрылымдық бөлімшелерде мемлекеттік тілді әрі қарай дамытуға, мемлекеттік тілдің барған сайын ауқымын кеңейтуге, тілдің ресми қолданысы мен мәртебесін көтеруге байланысты (аппараттық кеңестер, жедел кеңестер, қызметтік дайындық сабақтары, дөңгелек үстелдер, ашық сабақтар, сөз сөйлеулер, баспасөз беттерінде мақалалар жариялаулар т.б.) әртүрлі тәрбиелік мазмұндағы шаралар ұйымдастыру қажет.

     Ел тәуелсіздігі – тіл тәуелсіздігі, тіл – ұлттың төлқұжаты, мемлекеттік тұғыры демекші, болашақтың берік іргетасын бүгін қалау қажет.

 «Ұлттың ұлт болуы үшін бірінші шарт – тілі болуы. Ұлттың тілі кеми бастауы ұлттың құри бастағанын көрсетеді» деп М.Жұмабаев айтқандай, мемлекеттік тілдің қызмет аясын кеңейтіп, мәртебесін биіктету – әрбір мемлекет үшін басты мақсат.

 

Ертіс аудандық әділет басқармасының

басшысы, «ҚЗО»РҚБ

Павлодарлық филиалының мүшесі                                                  Б.Е.Касенов

Сондай-ақ оқыңыз