Бүгін: 04 Маусым Нашар көретіндерге арналған нұсқа 0 °C
  • USD
  • EUR
  • RUB
Ертіс ауданының әкімдігіресми интернет-ресурс
Акимат Иртышского районаОфициальный интернет ресурс

Навигация

Зияткерлік меншік саласындағы актуальды сұрақтары

Басты Хабарландыру Ертіс ауданының әділет басқармасы Зияткерлік меншік саласындағы актуальды сұрақтары

2017-08-16

Зияткерлік қызметтің нәтижелері және даралау құралдары айрықша, яғни меншік, зияткерлік құқықтарымен толығымен байланысты, Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодекске сәйкес жалпы мағынасына қарай «зияткерлік меншік-зияткерлік құқыққа пікірлес деп айтса да болады".

Зияткерлік меншік құқығы азаматтық айналым нысанасы болып табылады. Азаматтық Кодексте көрсетілген, дегенмен зияткерлік қызмет нәтижесі және оған тенестірілген дараландыру құралдары бір адамнан екінші адамға берілуі мүмкін еместігі қарастырылған. Бұл жағдайда оқшауланатын құқық бойынша тек айрықша құқықтар саналады.

Қолданыстағы Азаматтық Кодексінде зияткерлік құқық меншік құқығынан зияткерлік еңбек немесе тауарларды дараландыру немесе оның өндіруші құралдарының тиісті нәтижесі көрсетілген материалдық тасымалдаушыдан тәуелсіз болып табылады. Зияткерлiк шығармашылықтың кез-келген нәтижесі материалдық жеткiзгiштердiң бірінде болуы тиіс (қағаз бетінде, кенеп, дискте және т.б.). Ол физикалық, химиялық, биологиялық қасиеттері бар субъектінің сипатына немесе еңбек өнімiмен байланыстыруға мүмкіндік береді. Осы форманың болуына байланысты заттар тез тозатын,  тіпті азаматтық айналымнан жоғалатын жағдайға ұшырауы мүмкін.

Зияткерлік қызметтің нәтижесі болып оның өнімiнің объективті формада көрсетілген түрі болып табылады, мәселен ол ғылым, әдебиет, өнер, өнертабыс немесе өнеркәсіптік дизайн жұмыстарының сипатына қарай көрінеді. Әр нәтижелерге өзіндік арнайы талаптары бар жағдайлар, қолданулар, сонымен қатар оны іске асыру және олардың авторларының құқықтарын қорғау тән. Алайда, олардың барлығы ортақ  белгіге ие.

Айрықша құқықтар әсіресе өнертабыстарға, пайдалы модельдерге, өнеркәсіптік үлгілер, тауар таңбалары мен  басқа тауарларға колданылады, ол кәсіпорындардың материалдық емес активтерінің маңызды бөлігі болып табылады. Басқа құндылықтарға қарағанда бұл құқықтар шаруашылық және басқа қызметке инвестициялануы мүмкін. Мүліктік құқықтар зияткерлік қызмет нәтижелеріне бизнес-серіктестік немесе қоғамдық активтерге үлес бола алады.

 

Ертіс аудандық әділет басқармасының

басшысы, «ҚЗО» РҚБ

Павлодарлық филиалының мүшесі                                                           Б.Е.Касенов 

Сондай-ақ оқыңыз