Бүгін: 04 Сәуір Нашар көретіндерге арналған нұсқа 0 °C
  • USD
  • EUR
  • RUB
Ертіс ауданының әкімдігіресми интернет-ресурс
Акимат Иртышского районаОфициальный интернет ресурс

Навигация

О реализации проекта «С Дипломом - в село!»

Басты Экономика «Дипломмен - ауылға!» жобасын жүзеге асыру туралы О реализации проекта «С Дипломом - в село!»

2020-02-27

«Дипломмен - ауылға!» жобасы Елбасының бастамасымен құрылған. 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 24 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ауылдық елді мекендердің әлеуметтік сала қызметкерлерін әлеуметтік қолдау және ынталандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы қолданысқа енгізілді, ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген әлеуметтік сала мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну қарастырылған.

«Дипломмен - ауылға!» жобасының негізгі мақсаты ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дипломды мамандарды ынталандыру және бекіту болып табылады.

Бағдарламаға білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандығы бар мамандар қатыса алады.

«Дипломмен – ауылға!» жобасының шарттарына сәйкес, ауылдық өңірлерге жұмыс істеуге ниет білдірген мамандарға 100 АЕК (2020 жылы - 265 100 теңге) мөлшерінде бір жолғы көтерме жәрдемақы, сондай-ақ тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін 1500 АЕК (2020 жылы - 3 976 500 теңге) көлемінде бюджеттік кредит (15 жылға дейінгі мерзімге, жыл сайынғы сыйақы ставкасы 0,01%) беріледі. Алушы жоғарыда көрсетілген әлеуметтік қолдау шараларын алған кезде Ертіс ауданының ауылдық елді мекендерінде кемінде үш жыл жұмыс істеуге міндеттеме қабылдайды.

Ертіс ауданында 2009 жылдан бастап 503 маманға әлеуметтік қолдау шаралары көрсетілді, соның ішінде білім беру – 382, денсаулық сақтау – 84, әлеуметтік қамтамасыз ету – 5, мәдениет – 15, спорт – 5 және агроөнеркәсіптік кешен – 12 адам. Әлеуметтік қолдау 280,0 млн. теңге сомасында көрсетілді, соның ішінде бюджеттік кредиттер 94 маманға 228,0 млн. теңге сомасында және көтерме жәрдемақы 409 маманға 52,0 млн. теңге сомасында берілді. Көріп отырғанымыздай, мемлекет жас мамандарға көтерме жәрдемақы төлей отыра және тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттік кредит бере отыра, қомақты қолдау көрсетеді.

 Жұмыс істеу жөніндегі келісімнің шарттарын бұзған проблемалық мамандар да бар. Бүгінгі таңда 139 маман келісім шарттарын бұзған, соның ішінде 126 маман мемлекетке алған қаражатын қайтарып берді. Қалған мамандармен бюджеттік қаражатты қайтару мәселесі туралы келіссөздер жүргізіледі, сотқа жеткізбей шешуге тырысамыз. Бірақ шағым-талап жұмыстарын жүргізуге тура келеді, бүгінгі күні әлеуметтік қолдау шаралары ретінде алынған ақша қаражатын қайтару туралы 10 талап арыз берілді.

Бірақ осыған қарамастан, мамандардың көпшілігі келісім бойынша тиісті мерзімдерді өтеген соң ауылда жұмыс істеуді жалғастыруда, олардың бірі Аманкелді Нұрбек 2009 жылы С. Торайғыров атындағы Павлодар мемелекеттік университетті тарих мамандығы бойынша бітірді, өзінің еңбек жолын ауылда бастауды шешті. Мамандарды бөлу бойынша «№4 Ертіс ЖОББМ» КММ тарих пәнінің мұғалімі болып жұмысқа орналасты және «Дипломмен - ауылға!» жобасының алғашқы қатысушылардың бірі болды. 2009 жылы көтерме жәрдемақы түрінде әлеуметтік қолдау шараларын алды, ал 2012 жылы тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит алды. Бүгінгі күні де Нұрбек «№4 Ертіс ЖОББМ» КММ тарих мұғалімі болып жұмыс істеуді жалғастыруда.

Панфилов ауылының ауылдық амбулаториясының фельдшері Бегишев Айбек Болатұлы 2011 жылы Павлодар медициналық колледжін емдеу ісі мамандығы бойынша бітірді. Еңбек жолын Панфилов ауылында бастады, «Ертіс ОАА» ШЖҚ КМК-да фельдшер болып жұмысқа орналасты. 2011 жылы «Дипломмен - ауылға!» бағдарламасы бойынша көтерме жәрдемақы ретінде әлеуметтік қолдау шараларын алды, 2012 жылы бюджеттік несие алып, Панфилов ауылында тұрғын үй сатып алды.

Ағымдағы жылы осы жобаны іске асыру жұмыстары жалғастырылатын болады, аудан бюджетінде әлеуметтік қолдау көрсетуге жалпы сомасы 71,6 млн.теңге қаражат қарастырылған, соның ішінде көтерме жәрдемақы беруге - 7,9 млн. теңге және бюджеттік кредит беруге - 63,6 млн. теңге.

Дипломды мамандар үшін «Дипломмен - ауылға!» жобасы мемлекеттің нақты қолдауының негізгі бағыттарының бірі. Сонымен қатар ауылға көмек көрсетіледі, өйткені ауылдық жердің әлеуеті жас және кәсіби кадрлармен нығаяды.

Барлық сұрақтар бойынша: Ертіс ауылы, Желтоқсан көшесі, 104, "Ертіс ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" ММ, 14 кабинет, байланыс нөмірлері 8 (71832) 2-13-09.