Бүгін: 19 Тамыз Нашар көретіндерге арналған нұсқа 0 °C
  • USD
  • EUR
  • RUB
Ертіс ауданының әкімдігіресми интернет-ресурс
Акимат Иртышского районаОфициальный интернет ресурс

Навигация

Әлеуметтік сала мамандарына әлеуметтік қолдау шаралары

Басты Экономика Әлеуметтік сала мамандарына әлеуметтік қолдау шаралары Әлеуметтік сала мамандарына әлеуметтік қолдау шаралары

2019-08-02

Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін және ауыл аумақтарын одан әрі дамыту мақсатында, ауылдық аймақтарға білікті кадрларды тарту үшін, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну Мөлшері № 183 қаулысымен айқындалды, Қазақстан Республикасы ұлттық экономика Министрлігінің 2014 жылғы 6 қарашадағы ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну Қағидалары № 72 бұйрығына сәйкес, әлеуметтік қолдау мөлшері белгіленген:

- бір жолғы көтерме жәрдемақы 100 АЕК (2019 жылы 252 500 теңгені құрайды);

- бюджеттік несие 1500 АЕК (2019 жылы 3 787 500 теңгені құрайды) 15  жылға дейінгі мерзiмге жылдық 0,01 % мөлшерiнде.

2019 жылы 1 АЕК -  2525 теңге.

Денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт, агроөнеркәсіптік кешен саласында мамандығы бар тұлғалар бағдарламаға қатыса алады

Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:

1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

2) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

Көтерме жәрдемақы алған кезде:

  • осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;
  • жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi;
  • жаңа жұмыс орны бойынша кадр қызметi растаған еңбек кiтапшасының көшiрмесi;
  • бiлiмi туралы дипломының көшiрмесi;
  • көші-қон қызметінен алдыңғы тіркелген жері туралы мәлеметтер;
  • тиісті елді мекенде тұратындығын растайтын тұрғылықты жерінен мекенжай анықтамасы;

Көтерме жәрдемақыны және тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит алған кезде:

  • көтерме жәрдемақыны және тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит алған кезде;
  • осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;
  • жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi;
  • жаңа жұмыс орны бойынша кадр қызметi растаған еңбек кiтапшасының көшiрмесi;
  • бiлiмi туралы дипломының көшiрмесi;
  • сатып алынатын жылжымайтын мүлікті бағалау актісі;
  • көші-қон қызметінен алдыңғы тіркелген жері туралы мәлеметтер;
  • тиісті елді мекенде тұратындығын растайтын тұрғылықты жерінен мекенжай анықтамасы;
  • неке туралы куәлік көшірмесі (некеде тұрған мамандар үшін);
  • аталған ауылдық елді мекенде маманның, оның жұбайының және балаларының жылжымайтын мүлкінің болмауы (болуы) туралы анықтама;

Көтерме жәрдемақы және тұрғын үй салуға бюджеттік кредит алған кезде:

  • осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;
  • жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi;
  • жаңа жұмыс орны бойынша кадр қызметi растаған еңбек кiтапшасының көшiрмесi;
  • бiлiмi туралы дипломының көшiрмесi;
  • көші-қон қызметінен алдыңғы тіркелген жері туралы мәлеметтер;
  • тиісті елді мекенде тұратындығын растайтын тұрғылықты жерінен мекенжай анықтамасы;
  • неке туралы куәлік көшірмесі (некеде тұрған мамандар үшін);
  • аталған ауылдық елді мекенде маманның, оның жұбайының және балаларының жылжымайтын мүлкінің болмауы (болуы) туралы анықтама;
  • маманның атына тұрғын үй салу үшін берілген жер учаскесін пайдалану құқығына акт;
  • кепілге қойылған мүлікті бағалау актісі;
  • кепілге қойылған мүлікті сақтандыру шарты;
  • берілетін кредит мөлшерінен асатын тұрғын үй құрылысы бөлігін бірлесіп қаржыландыруға жазбаша келісім.

Құжаттар салыстырып тексеру үшін төлнұсқада және көшірмелерімен ұсынылады, содан кейін құжаттардың төлнұсқалары көрсетілетін қызметті алушыға өтініш берілген күні қайтарылады.

Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

Жұмыс кестесі:

  • Көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін.

Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижелерін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі.

Заңды мекенжайы: Ертіс ауданы, Ертіс ауылы, Желтоқсан көшесі, 104, каб.14, эл.мекенжайы: itoebp@mail.ru, тел: 8(71832)21309

  • Мемлекеттік корпорацияның – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жексенбі және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.

Мемлекеттік қызмет жеделдетіп қызмет көрсетусіз, "электрондық" кезек тәртібінде көрсетіледі, "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы электрондық кезекті броньдауға болады.

Заңды мекенжайы: Ертіс ауданы, Ертіс ауылы, И. Байзакова көшесі,14-үй, тел:  8 (71832) 22911.