Бүгін: 25 Тамыз Нашар көретіндерге арналған нұсқа 0 °C
  • USD
  • EUR
  • RUB
Ертіс ауданының әкімдігіресми интернет-ресурс
Акимат Иртышского районаОфициальный интернет ресурс

Навигация

ЕРТІСАУДАНЫНЫҢ 2019ЖЫЛҒЫ ҚАҢТАР –МАУСЫМ АЙЛАРЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗГІ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ

Басты Экономика Әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары ЕРТІСАУДАНЫНЫҢ 2019ЖЫЛҒЫ ҚАҢТАР –МАУСЫМ АЙЛАРЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗГІ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ

2019-07-23

 

НЕГІЗГІ МАКРОКӨРСЕТКІШТЕР

Саласы

Болжам

(меморандум бойынша)

ФАКТ

2019жылғы қаңтар-маусым

Өлшем бірлігі.

НКИ

облыс бойынша орын

Өнеркәсіп

110,0%

860,7

млн. тенге

69,4 %

13

Ауылшаруашылығы

105,2%

4 207,6  млн. тенге

100,5%

10

Инвестициялар

5 782,0 млн.теңге

2 784,6

млн. тенге

156,3%

4

Құрылысы

3 263,2 млн.теңге

1 096 млн. тенге

134,7%

61

Тұрғын үйлерді пайдалануға беру

3,0 мың шаршы метр

0,700

мың шаршы. м

384,6 %

1

Бөлшексаудасы

5 072,0 млн.теңге

2 889,8

млн. тенге

100,1 %

11

ШОК субъектілерініңжұмысістейтін саны

987 бірлік

998

бірлік

106,7%

10

  1. Экономиканың нақты секторы

1.1 Өнеркәсіп

2019 жылдың 01.07 өнеркәсіп өндірісінің көлемі 860,7 млн. теңгені құрайды, НКИ–69,4%.

2019 жылғы 01.08. күтілетін НКИ – 100,0% немесе 1 452,7 млн.теңге.

1.2. Ауыл шаруашылығы

2019 жылғы 01.07. ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 4 207,6 млн. теңге немесе НКИ –100,5% -ын құрайды.

2019 жылғы 01.08. күтілетін НКИ – 100,6% немесе 5 061,8 млн.теңге.

Жер қоры.

Жердің жалпы ауданы 1019,0 мың га құрайды.

оның ішінде:

- ауыл шаруашылық мақсаттағы жер 540,1 мың га (ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер санаты 11,6 мың га артып, босалқы жер есебінен беру).

- елді мекендердің жерлері – 178,9 мың га,

- өнеркәсіп, көлік, байланыс – 2,1 мың га,

- орман қорының жерлері – 4,8 мың га;

- су қорының жерлері – 20,2 мың га;

- босалқы жер – 260,7 мың га.

Өсімдік шаруашылығы.

Ағымдағы жылы жаздық егіс алаңы 248,3 мың га немесе өткен жылдың деңгейіне 102,0% құрайды, оның ішінде:

- дәнді дақылдар-190,0 мың га (өткен жылдың деңгейіне 103% ),

 - майлы дақылдар-20,1 мың га (90%  ),

- мал азығы-38,2 мың га (105%), соның ішінде бір жылдық шөптер -21,5 мың га алаңға орналастырылды.

Ағымдағы күнге ауданда 19,5 мың га алқапта ірі азықтар шабылды, бұл жоспарлы тапсырманың 22% құрайды (88,7 мың га). 9,75 мың тонна ірі азықтар дайындалды, жоспарлы тапсырмадан 13% (75800 тонна). Шөп шабу науқанына 197 бірлік техника жұмылдырылды, оның ішінде: 55 комбайн, 106 трактор және 36 тіркеме дестелегіш трактор.

 Мал шаруашылығы.

2019 жылғы 1 шілдесіне ІҚМ-дың саны 31,8 мың басты құрайды.(2018 ж. кезеңіне 104,8%.), қойлар – 43,7 мың бас. (102,6%), ешкі – 1,1 мың бас. (116,7%), жылқы – 15,4 мың бас. (111,3%) шошқа – 4,9 мың бас. (102,0%), құстар – 53,8 мың бас. ( 101,1 % - ға).

Өндірілген сүт – 13 137,1 тонна (100,2%), ет тірі салмақта– 2910,4 тонна (100,7 %), жұмыртқа – 2997,9 мың дана ( 101,1 %).

1.3 Құрылыс

2019 жылдың 1 шілде құрылыс жұмыстарының көлемі 1 096,8 млн.теңгені құрды, НКИ өткен жылдың ұқсас кезеңідегімен 134,7%.

Ағымдағы жылы ауданның 4 ауылында су құбырларының құрылысы жоспарланған:

Ынтымақ, Қарақұдық а/о ұзындығы 4,5 км су құбырының құрылысы 2019 жылға 82,0 млн.теңге қарастырылды (авторлық және техникалық қадағалау есебімен). 1.07.2019  жылға игерілгені-40,0 млн. теңге;

 ұзындығы 4,6 км болатын үлгілі а/о, Байзақов а. су құбырының құрылысы 2019 жылға 50,2 млн. теңге қарастырылған (авторлық және техникалық қадағалау есебімен). 1.07.2019 жылға игерілгені-23,0 млн. теңге;

ұзындығы 4,9 км Северный а/о Қараағаш ауылындағы су құбырының құрылысы 2019 жылға 67,7 млн.теңге қарастырылған (авторлық және техникалық қадағалау есебімен). 1.07.2019 жылға игерілгені-45,7 млн. теңге;

Ынтымақ, Қарақұдық а/о ұзындығы 4,5 км су құбырының құрылысы 2019 жылға 82,0 млн.теңге қарастырылды (авторлық және техникалық қадағалау есебімен). 1.07.2019 жылға игерілгені-40,0 млн. теңге;

Ағашорын ауылындағы су құбырының құрылысы 2019 жылға 95,9 млн.теңге қарастырылған (авторлық және техникалық қадағалау есебімен).

Ертіс ауылындағы орталық стадионды қайта құруға 40,3 млн. теңге бөлінді. Жұмыстар жүргізілуде.

"Ауыл – Ел бесігі" арнайы жобасы аясында республикалық және облыстық бюджет қаражатынан 108,0 млн. теңгеге көше жарықтандыру шамдарын ауыстыру және көшені жарықтандырудың жаңа электр беру желілерін орнату бойынша жоба іске асырылуда.

2019 жылғы 01.08. –күтілетін нақты көлем индексі 106,2%немесе 1139,1 млн.теңге.

Тұрғын ғимараттарды іске қосу.

2019 жылғы 1 шілдеге 700,0 шаршы метр(2018 жылы -182,0 шаршы метр)НКИ -384,6%.

2019 жылғы 1.08. –700 шаршы метр немесе 221,5% орындалуы күтілуде.

  1. Инвестициялар.

2019 жылғы қаңтар-маусымында негізгі капиталға инвестициялар – 2 784,6 млн.теңге немесе НКИ-156,3%.

2019 жылғы 01.08. инвестицияның күтілетінкөлемі – 3023,9 млн.теңге немесе 126,4%.

  1. Шағын және орта кәсіпкерлік

2019 жылғы 1.07. жағдай бойынша шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 1085 бірлікті құрайды, оның ішінде жұмыс істеп тұрған 998 бірлік, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,7% - ға артық.

Ағымдағы жылдың қаңтар-маусым айларында тіркелгендердің жалпы көлемінде шағын және орта кәсіпкерліктің жұмыс істеп тұрған субъектілерінің үлесі – 92,0% құрайды.

2019 ж. 01.01. жағдай бойынша шағын және орта бизнес саласында жұмыспен қамтылғандар саны – 2350 адам, өткен жылдың деңгейіне 90,6%.(көрсеткіш бойынша статистикалық деректер тоқсан сайын қалыптастырылады).

  1. Сауда.

2019 жылғы қаңтар-маусым айларында бөлшек сауда көлемі 2479,7 млн.теңгені құрайды, сауданың НКИ-100,1%. 

2019 жылғы 01.08. күтілетін НКИ– 100,2% немесе 3 476,8 млн. теңгені құрайды.

  1. Бюджет.

2019 жылғы 01 шілдеге аудан бюджеті 2 479,7 млн.теңгені құрайды. Аудан бюджетіне нысаналы трансферттер мен несиелер көлемі – 2 186,5 млн.теңге, бұл жалпы бюджет көлемінің 88,2% құрайды.

Аудан бюджетіне меншікті салықтар мен басқа да міндетті төлемдердің түсімі 271,5 млн. теңгені құрайды, кезең жоспарында 265,1 млн. теңге немесе 102,4%.

Бюджеттің шығыс бөлігі – 2 441,8 млн. теңгеге (99,6%)орындалды.

4 бюджет деңгейі.

Ертіс ауылы бюджетінің жылдық көлемі 2019 жылы 01шілдеге 453 829,0 мың теңгені құрайды.

 Ауыл бюджетіне нысаналы трансферттер көлемі – 406 381,0 мың теңге, бұл жалпы бюджет көлемінің 90% құрайды.

Аудан бюджетіне меншікті салықтар мен басқа да міндетті төлемдердің түсімі 21 640,6 мың теңгені құрайды, кезең жоспарында 20 797 мың теңге немесе 104,1%.

Бюджеттің шығыс бөлігі орындалды – 103 664,3 млн. теңге (100 %).

  1. Әлеуметтік сала.

6.1.Еңбек нарығы.

2019 жылғы 01.07. жұмыспен қамту органдарына жұмысқа орналасу мәселелері бойынша өтініш білдірген тіркелген азаматтар саны 575 адамды құрайды (2018 ж. - 593).

262 жұмыссыз азамат есепте тұр, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 85 адамға көп (2018 ж.-177 адам).

159 азаматқа жұмысқа орналасуға көмек көрсетілді. Қоғамдық жұмыстарға 198 жұмыссыз азамат қатысты.

Жаңа жұмыс орындарына 270 адам жұмысқа орналастырылды, оның ішінде тұрақты жұмысқа – 130 адам.

Жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерліктің 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы шеңберінде қоныс аудару.

2019 жылға 184 адамды немесе 48 отбасын көшіру жоспарланған.

2019 жылғы 1.07. жағдай бойынша 5 отбасы немесе 26 адам көшірілді, оның ішінде 2 оралмандар.

6.2.Еңбекке ақы төлеу.

2019 жылғы қаңтар-наурыз бір жұмыскердің орташа айлық атаулы жалақысы 90 562 теңгені құрайдынемесе 2018 жылдың сәйкес кезеңіне 114,5%.

  1. Білім.

Ертіс ауданының білім беру жүйесіне 31 мемлекеттік білім беру ұйымдары кіреді: 26 мектеп, 1 Ертіс агротехникалық колледжі, 2 мектепке дейінгі мекеме, 2 мектептен тыс мекеме, 1 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті.

Оқушылар контингенті 2 607 адамды құрайды.

1 компьютерге жабдықталу көрсеткіші-3,7 оқушы.

Жалпы аудан бойынша 2 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту 98,7%, 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды 100% құрайды.

2019 жылы облыстық бюджеттен 26 880,0 мың теңге сомасына №2 Ертіс ЖОББМ КММ ғимаратын күрделі жөндеу қарастырылған. Мердігер "Ғимарат-KZ" ЖШС шарт жасалды. Жұмыстар жүргізілуде;

Қоскөл, Майқоңыр, Қосағаш және Ленин ЖОББМ үшін жұмсақ шатырды ағымдағы жөндеуге жергілікті бюджеттен 12977,4 мың теңге бөлінді.

Абай ЖОББМ спорт залының жұмсақ шатырын және қасбетін ағымдағы жөндеуге жергілікті бюджеттен 1950,0 мың теңге бөлінді.

Ленин ЖОББМ үшін түтін құбырын ағымдағы жөндеуге жергілікті бюджеттен 920,0 мың теңге бөлінді.

№ 1 Ертіс ЖОББМ жылу трассасын ағымдағы жөндеуге жергілікті бюджеттен 980,0 мың теңге бөлінді.

№2 Ертіс ЖОББМ қабырғалық жабындарды ағымдағы жөндеуге жергілікті бюджеттен 3450,0 мың теңге бөлінді.

№3 Ертіс ЖОББМ үшін болат құбырлар сатып алуға жергілікті бюджеттен 667,7 мың теңге бөлінді.

№3 Ертіс ЖОББМ үшін тротуарлық плиткалар сатып алуға жергілікті бюджеттен 1500,0 мың теңге бөлінді.

  1. Денсаулық сақтау

Ауданның денсаулық сақтау жүйесі емдеу-алдын алу ұйымдарының желісімен ұсынылған: 1 орталық аудандық аурухана; 1 туберкулезге қарсы аурухана; 2 фельдшерлік-акушерлік пункт; 4 дәрігерлік амбулатория; 19 медициналық пункт.

2019 жылдың қаңтар-маусым айларында 109 бала дүниеге келді, туу көрсеткіші тірі туған 1000 балаға шаққанда 16,2 құрайды. Бала өлімі 1 жағдай тіркелді.

2019 жылғы қаңтар-маусым ана өлімі тіркелген жоқ.

2019 жылдың қаңтар-маусым айларында туберкулезбен аурушаңдығы – 3 жағдай тіркелді,100 мың тұрғынға шаққанда көрсеткіш 36,9 құрайды. Туберкулезден өлім-жітім тіркелген жоқ. 

2019 жылдың қаңтар-маусымында онкологиялық аурулармен алғаш рет -26 жағдай анықталған. 100 мың тұрғынға шаққанда көрсеткіш 315,7 құрайды. Онкологиялық аурулардан 8 өлім тіркелді.

Ағымдағы жылы «Ауыл – Ел бесігі» арнайы жобасы аясында республикалық және облыстық бюджет қаражатынан аудандық ауруханада 2 жоба іске асырылуда:

- 47,8 млн. теңгеге АА 1 қабатына күрделі жөндеу;

- 4,7 млн. теңгеге ішкі су құбырын жөндеу.

  1. Жолдар

Ауданның автомобиль жолдарының ұзындығы 820 км. құрайды оның ішінде: аудандық маңызы бар - 247,2 км облыстық маңызы бар – 152,6 км, кентішілік жолдар – 285,6 км.,республикалық маңыздағы жолдар-134,6 км.

Аудандық маңызы бар жолдардың толық жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін 19,6 млн. теңге бөлінді, игерілді 11,7 млн.теңге.

Кентішілік жолдардың толық жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін 13,8 млн. теңге бөлінді,игерілді 7,1 млн.теңге.

Ағымдағы жылы «Ауыл – Ел бесігі» арнайы жобасы шеңберінде республикалық және облыстық бюджет қаражатынан Ертіс ауылының ішкі жолдарын (9,4 км) орташа жөндеуге 128,1 млн.теңге сомасында қаражат бөлінді.

  1. Қоғамдық қауіпсіздік және құқықтық тәртіп.

2019 жылғы қаңтар–маусым айларында қылмыстық құқық бұзушылықтар саны 66 фактісі тіркелген (2018ж.- 84).

2019 жылдың 6 айының қорытындысы бойынша қабылданған алдын алу шараларының нәтижесінде қоғамдық орындарда қылмыс жасауға жол берілген жоқ оның ішінде көшелерде, отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында (2018 ж. - 1), сондай – ақ атыс қаруын қолданумен - 0 (2018 ж. - 0).

Алайда, бұрын сотталған адамдармен қылмыс жасағаны өсті– 35 (2018 ж.-14), кәмелетке толмағандар – 1 (2018 ж.-0), қоғамдық орындарда – 5 (2018 ж. - 3), оның ішінде көшелерде – 2 (2018 ж. - 1), мас күйінде – 5 (2018 ж. – 4), адамдар тобы -5 (2018г.-4).

Ағымдағы жылдың қаңтар-маусым айларында ювеналды полиция қызметкерлерімен 34әкімшілік құқық бұзушылық анықталды (2018ж – 54).

2019 жылдың 6 айлардың қорытындысы бойынша 2 зардап шеккен адамменаудан аумағында жол-көлік оқиғалары - 2 жағдай тіркелді.(2018ж. – 4, онда 4 адам түрлі дәрежедегі жарақат алған).

Жол қауіпсіздігін алдын алу мақсатында жол-техникалық инспекциясының қызметкерлері учаскелік полиция инспекторларымен және олардың көмекшілерімен бірге 240 жол қозғалысы ережесін бұзушылық анықталды (2018ж. – 234).

Меморандумның орындалуы:

«Көшелерде жасалған қылмыстардың үлес салмағы»

2019 жылдың 6 айында Ертіс ауданының аумағында 66 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді. Көшелерде 2 қылмыстық құқық бұзушылық жасалды.

Көшелерде жасалған қылмыстардың үлес салмағы 3,03% құрады (2019 жылға нысаналы индикатор-1,3%).

«ЖКО-да қаза болғандар санын 100 зардап шегушіге төмендету»

        2019 жылдың 6 айында аудан аумағында 2 зардап шегушімен 2 жол-көлік оқиғасы тіркелді. ЖКО-да қаза болғандар санының өсуі 100 зардап шегушіге 0% құрайды (2019 жылға арналған нысаналы индикатор – 6,0%).